Алматыда 1 миллионнан астам сайлаушы бар

Алматыда 1 миллион 132 мыңнан астам сайлаушы тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы қалада 581 сайлау учаскесі бар. Олардың барлығы жұмысын таңғы сағат 6-дан бастады. Комиссия мүшелері арнайы орындар мен құжаттарды әзірледі. Тұрақты тіркеу бойынша сайлаушылардың тізімі жасалған. Дауыс беруге келген адамдар тұлғасын растайтын құжатын көрсеткен соң өз таңдауын жасай алады. Санитарлық сақтық шаралары да қатаң сақталған. Алматы қаласы аймақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанованың айтуынша, қазіргі уақытқа дейін 4 мыңнан астам байқаушы тіркеліп үлгерген. Дауыс беру кешкі сегізге дейін болады.

Бақыт Ысқақов, қала тұрғыны:

– Әр адам кімге дауыс беретінін өзі біледі. Болашақтарыңыз үшін дауыс беріңіздер.

Сондай-ақ...