Сайлау: елордада жастар белсенділік танытып жатыр

Қазақстандықтар саяси науқанға белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таң ертесімен таңдау жасауға келгендердің көбі – жастар. Елордадағы бірнеше сайлау учаскесін аралап шыққан польшалық байқаушы Томаш Ленц өзінің таңданысын осылай жеткізді. Оның айтуынша, сайлау учаскелерінде барлық санитарлық талап сақталған. Сайлау процесі заң талаптарына сай өтіп жатыр.

Томаш Ленц, Халықаралық байқаушы (Польша):

– Сайлау учаскелері қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Әзірге ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Дауыс беру аяқталғанға дейін жұмысты жалғастырып, қорытынды жасаймыз. Мені таңқалдырғаны – жергілікті байқаушылардың белсенділігі. Олар сайлау учаскелеріндегі жағдайды мұқият бақылап отыр. Бұл да қазақстандықтардың әділ таңдауды қолдайтынын білдіреді.