Ақмола облысында бір топ азамат дауыс беруге тұлпар мініп барған

Елорда іргесіндегі Талапкер елді мекенінде атқа қонған бір топ сайлаушы дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар өз таңдауын жергілікті мектептердің бірінде жасады. Сайлау учаскесіне тұлпар тізгіндеп келген азаматтардың сөзінше, олар олайша ұлттық ойын көкпарды насихаттауды мақсат еткен. Айта кетейік, белбеу буынып, бөрік кигендердің дені – көкпаршылар.

Дидар Жексеков, Қазақстан Жылқы өсірушілер одағының вице-президенті:

– Бүгін жылқы өсірушілер одағының атынан отандық борышымызды атқару үшін балалармен атқа мініп, сайлау учаскесіне келдік.