Қазақстандағы сайлаудың тарихи маңызы зор – Т.Грациани

Коронавирус індеті кезінде өтіп жатқандықтан, Қазақстандағы парламенттік сайлаудың еліміз үшін де, өзге мемлекеттер үшін де тарихи маңызы зор.

Телеарнамызға Римде сұхбат берген Ғаламдық талдау бойынша халықаралық институт басшысы Тиберио Грациани осылай деп мәлімдеді.

Тиберио Грациани, Ғаламдық талдау бойынша халықаралық институттың басшысы:

– Қазақстандағы парламенттік сайлаудың өзгелерден айрықша екі тұсы бар. Біріншіден, бұл сайлау елдеріңізге ғана емес, өзге мемлекеттер үшін де маңызды. Өйткені Ковид-19 індеті өршіген ауыр жылдан кейін өтіп жатыр. Кез келген қоғам алдында пандемиялық дағдарыстан туындаған түрлі әлеуметтік мәселелерді еңсеру міндеті түр. Екіншіден, билік ауысып, жаңа сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезінде өтіп жатқан алғашқы сайлау. Сондықтан тарихи маңызы бар. Сайлау демократиялық ережелерге сай әрі ашық өтетініне сенімдімін.

Сондай-ақ...