421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде 105 жастағы кейуана дауыс берді

  • 113
  • UPD: 17:17, 10.01.2021

Сайлау учаскесіне Жәкебай Бисенғалиева өз аяғымен жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қария бұған дейін де бірде-бір саяси науқаннан шет қалмапты. Бұл жолы да сайлау учаскесіне ерте келді. Жалпы бұл аудан бойынша 2600 сайлаушы тіркелген болса, түске дейін олардың 40%-тен астамы дауыс беріп үлгерді. Көпшілікпен бірге таңдаын жасаған кейуана өскелең ұрпаққа батасын да берді.

Жәкебай Бисенғалиева, қала тұрғыны:

- Мына туған жаңа жылдарың құтты болсын. Сайлауларың да құтты болсын. Аман-сау өтіп кетсін. Сендергедеген, халқыма деген жаман ат еш уақытта болмасын. Аллам сақтасын бәріңді де, қарақтарым. Менің жасыма келіп, сендер де сайлауға келіңдер.

Ал, кейуананың 90-ға толған жерлесі Торғай Оралбаева да бүгінгі саяси науқаннан тыс қалмады. Сайлау учаскесіне ертемен келіп дауыс берді. Қырық жыл ұстаздық қызмет атқарған ол бұл күнді әрбір тұрғынға ел болашағын айқындауға берілген мүмкіндік деп санайды. Өзі осы уақытқа дейін өткен барлық сайлауларда дауыс берген. 

Торғай Оралбаева, қала тұрғыны:

- Сайлауға қатысу әрбір адамның борышы. Сол борышымды мен өтеуге келіп тұрмын. Барлығында осы дауыс беруге шақырамын. танымыз тыныш, еліміз, халқымыз аман болсын. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын.

Хабар 24 телеарнасы