420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әскери бөлімдердегі 19 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды

  • 87
  • UPD: 16:43, 10.01.2021
Әскери бөлімдердегі 19 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды

Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде құрылған сайлау учаскесінде дауыс беру мерзімнен бұрын аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Офицерлер мен келісімшарт бойынша қызмет ететін әскерилер тұрғылықты жері бойынша дауыс береді. Ал мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер және курсанттар үшін әскери бөлімдер мен мекемелерде арнайы 19 сайлау учаскесі құрылған болатын. Заң бойынша бұл учаскелер 1 сағатқа ерте ашылады. Тізімге енгізілген барлық сайлаушылар дауыс берген соң сайлау учаскелері жұмысын аяқтауға тиіс.

Бейсен Жақыпов, ҚР ҚК Бас штабының тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бөлім бастығы:

- Сайлауға қатысты әркімнің конституциялық құқығы бар. Барлығын іске асыруға мүмкіндік жасалған. Жауынгерлік кезекшілікте болсын, былай тәуліктік кезекшілікте болсын тұрған сарбаздарды алғашқы болып жауынгерлер ауыстырып, олар да міндетті түрде сайлауға қатыса алады.

Хабар 24 телеарнасы