Отандық спорттың жарық жұлдыздары дауыс берді

Спортшылар үшін жанкүйерлер қолдауы қаншалықты маңызды болса, додаға түсіп жатқан үміткерлер үшін де сайлаушылардың белсенділігі ауадай қажет, деп хабарлады «Хабар 24».

Азаматтық ұстанымын білдіруге келген спорт саласының өкілдері осылай дейді. Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және Илья Ильин елордадағы №113 және 49 сайлау учаскесінде таңдау жасады. Дауыс беріп қана қоймай, жанкүйерлеріне қолтаңба қалдырды.

Серік Сәпиев, бокстан Олимпиада чемпионы:

– Әр азамат сайлауға келіп, өз ұстанымын білдіруі маңызды деп білемін. Біз осылайша еліміздің ертеңін айқындаймыз. Өз басым 18 жасымнан сайлауға белсенді түрде қатысып келемін. Биыл да, міне, өз дауысымды қалаған партияға бердім.

Илья Ильин, ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы:

– Мен сияқты өз таңдауын жасауға бөлімшеге асыққан көпшілікті көріп қуандым. Бұл – ел тұрғындарының сайлауға селқос қарамай, ел болашағының жарқын болуына үлес қосқысы келетінің айғағы. Барлық үміткерге сәттілік тілеймін.