Қостанай облысында 10 интервьюер экзитпол өткізіп жатыр

Олар дауыс беріп шыққан сайлаушыларға «Қай партияны таңдадыңыз?» деген жалғыз сұрақ қояды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әр сайлау учаскесінен 200 адамның жауабын алуы тиіс. Таңғы жетіде басталған сауалнама сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Интервьюерлер екі сағат сайын сауалнама нәтижесін елордаға жіберіп отырады.