Сайлаушылардың 43,9 проценті дауыс берді

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сағат 14:00-ге барлық өңірлердегі сайлаушылардың 43,9 проценті өз таңдауын жасап үлгерді, деп хабарлады «Хабар 24».

Ірі қалалардың ішінде Шымкент қаласының тұрғындары белсенді. Қалада тіркелген сайлаушылардың жартысына жуығы дауыс берген. Ал бас қаладағы сайлаушылардың 37 проценті таңдауын жасаған. Облыстардың ішінде СҚО өңірі көш бастап тұр. Онда сайлаушылардың 58,2 проценті дауыс берген.