Қызылордада көп балалы аналар өз таңдауын жасады

Сырбойылық аналар қауымы да саяси додадан сырт қалмады. «Алтын алқа» иегері Базаркүл Ниятова елдегі әрбір саяси-қоғамдық процестерге әрдайым белсенді араласады.

Көп балалы ана бүгін де таңсәріден сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Халық қалаулыларын таңдай отырып, ұл-қызымның болашағы үшін де бей-жай қалмады дейді ол.

Базаркүл Ниятова, «Алтын алқа» иегері:

- Елдің өркендеуіне, балалардың келешегінің жарқын болуына әрбір қазақстандықтың саяси додаға жауапкершілікпен қатысуын жөн санаймын. Мына жастардың болашағы жақсы, жүздері жарқын болсын, елде тыныштық болсын деп сайлауға өз таңдауымды қалап келдім. Балаларыма да сайлауға белсенді түрде қатысыңдар деп айтып, бәріміз түгел қатыстық.