Сайлау кезінде 20-дан астам заңбұзушылық туралы хабарланған

Сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне тұтас қоғам жауапты.

Десе де заңға қайшы әрекетке барып, саяси доданың деңгейін түсіргендер бар. Бейпартиялық байқау орталығына дәл осындай 20-дан астам дерек хабарланған. Қазіргі таңда олардың 8-і расталып, ереже бұзғандарға хаттамаға сай шара қолданылды.

Нұрлан Өтешев, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:

– Бұзушылық көбіне адами факторларға байланысты. Оның ішінде бір отбасымен кабинкаға кіріп кету жағдайы болды. Өкінішке қарай, біздің кейбір әріптестер өзінің наразылығын көрсетем деп пе, әлде білімділігін көрсетейін деп пе басқа байқаушыларға кедергі келтіруде. Ол бір емес, бірнеше облыста шығып жатыр.