Жас сарбаздар әскерде алғаш рет дауыс берді

Елімізде ең бірінші болып әскерилер дауыс берді.

Шымкенттегі 6506 әскери бөлімінде орналасқан нөмірі №89 сайлау учаскесінде таңдау жасау таңғы сағат жетіде емес, алтыда басталды. Мұндағы дауыс берушілердің барлығы жауынгерлік қызметте болғандықтан, сондай шешім қабылданған. Ол үшін арнайы рұқсат алыныпты. Саяси науқанға қатысқан сарбаздардың 40% алғаш рет өз таңдауын жасады. 18 жастағы жауынгерлер бұл әскери бөлімге еліміздің әртүрлі аймағынан осыдан алты ай бұрын келген болатын.

Әлішер Азабакиев, сарбаз:

– Алғаш рет болған соң толқу болды. Сайлауға қатысу әрбір азаматтың борышы деп білемін. Азаматтық ұстанымымды білдіріп, елдің дамуына өз үлесімді қостым деп есептеймін.