БҰҰ Бітімгерлік миссиясын атқарушы қазақстандық рота сайлауға қатысты

Ливандағы бітімгерлік миссияны атқарып жүрген Қазақстанның әскери ротасы сайлауға қатысты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының базасында құрылған сайлау учаскесінде дауыс беруге тиісті жағдай жасалған. Осылайша елден жырақта жүрсе де, 124 әскери қызметші Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерге дауыс беріп, конституциялық құқығын іске асыруға мүмкіндік алды.

Ерасыл Төкен, аға сержант:

– Бұл БҰҰ базасында №278 сайлау учаскесі тағайындалды. Бұл сайлау учаскесінде ҚР сайлау заңдарына сәйкес барлық талаптар орындалды.