419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада дауыс беру аяқталуға жақын. LIVE

  • 102
  • UPD: 21:38, 10.01.2021

Парламент және мәслихат депутаттарына дауыс беру өз мәресіне жақындап қалды.

Дариға Тәшенова, тілші:

- Сәлден соң Парламент және мәслихат депутаттарын сайлау аяқталады. Нақтылап айтсақ, тура сағат 20.00-де дауыс беру тоқтатылады. Сайлау комиссияларының мүшелері бюллетеньдер салынған жәшіктерді ашып, ресми түрде дауыс санауға кіріседі. Оның нәтижелері шамамен 1 апта ішінде жариялануы тиіс. Айта кетейік, бүгін елордада сайлау  283 учаскеде жүргізілді. Оның 240-ы ашық, қалғандары жабық типтегі нысандарға орналасқан. Саяси аламанға 5 партия қатысып жатқаны белгілі.  Дәстүрлі форматта ұйымдастырылған кезекті науқанның бұған дейін елде болғандарынан айтарлықтай айырмашылықтары да болды. Ең алдымен Мәжіліске өтетін партиялардың тізімінде жастар мен әйелдердің міндетті 30 проценттік квотасы белгіленді. Соған сай, олар Парламенттен орын алады. Сондай-ақ алғаш рет елде мәслихат сайлауы тепе-теңдік қағидасы бойынша өтіп жатыр. Мұны көптеген қазақстандық және шетелдік сарапшылар саяси жүйенің заманауи талаптарға сай дамығанымен байланыстырып отыр. Биылғы сайлауға шетелден 400-дей байқаушы келді. Барлығының мақсат-мүддесі бір - сайлаудың ашық әрі адал өтуін қадағалау.  Бұл сайлау қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісіне 98 депутат сайланады. Қалған 9 орын Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан сайланады. Сөйтіп, Мәжіліс 107 депутатымен жаңа саяси маусымды бастайды деп жоспарлануда. Ал біз сайлау учаскелернідегі өз жұмысымызды аяқтаймыз. Парламент пен мәслихатқа кім өтетіні уақыт еншісінде. Тек бұл тұлғалар еліміздің өркендеуіне зор үлес қосатынына сенім мол.

Хабар 24 телеарнасы