Алматыда сайлаушылар учаскеден тыс жерде дауыс берді

Сағат кешкі алтыдағы жағдай бойынша Алматыда 313 мыңнан астам адам дауыс берді.

Бұл жалпы сайлаушылардың 27,7 процентінен асады. Мысалы, Алматыдағы №229 сайлау учаскесінде 2674 сайлаушы тіркелген. Олардың ішіндегі ең жасы үлкені 85 жаста. Сайлау бөлімшесіндегі дауыс беру барысын 11 адамнан тұратын сайлау комисиясы мен 6 байқаушы қадағалауда. Жалпы аймақтық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша биыл сайлау барысын бақылауға ниет білдірген байқаушылар көп. Алматыда 4 мыңнан астам байқаушы тізімге енген.

Айта кетейік, сайлау заңына байланысты белгілі бір себептермен сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар үшін учаскеден тыс жерде дауыс беру ұйымдастырылды.

Тәттігүл Мендешканова, учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі:

- №229 учаскеден тыс жерде дауыс беруге 5 сайлаушыдан өтініш келіп түсті. қабылданған өтініштер бойынша,  бүгін 2 комиссия мүшесі тасымалданатын сайлау жәшігін алып жүрді. Олармен бірге 1 учаскелік инспектор және де бір бақылаушы қатысқан болатын. Қазіргі уақытта сайлаушылар өз таңдауы бойынша дауыс берді.