419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлауда жастардың белсенділігі жоғары болды

  • 80
  • UPD: 21:42, 10.01.2021

Бүгін елордада жалпы саны 283 сайлау бөлімшесі жұмыс істеді. Дауыс берушілер әлі де болса таңдауларын жасауда. Саяси науқан жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де аяқталады.

Елордадағы сайлау бөлімшелері таңғы сағат 7-де ашылды. Барлығында мемлекеттік әнұран шырқалды. Алғашқы дауыс берушілердің келуіне орай естелік сыйлықтар да берілді. Бірі жұмысына асығып, енді бірі алыс сапарға аттанатындықтан таңдауларын көптен бұрын жасауды жөн көрген.

Әміржан Оспанов, қала тұрғыны:

- Болашақ үшін сол енді. менің ойымша өте маңызды оқиға. Біздің құқығымыз.

Музыкалық жас көрермен театрындағы бөлімше тұрғындарға қолайлы жағдай ұсынды. Комиссия мүшелері кіреберістен сайлаушылардың дене қызуын өлшеп, қауіпсіздіктерін қадағалады. Өз таңдауын жасап, сайлауға келгендердің арасында жас жұбайлар да ар.  

Фархат Жанбеков, жас жұбай:

- Бұл енді отбасылық бірінші таңдауымыз болғандықтан, бірге шешім қабылдадық. Өз таңдауымызды таңдау керек болғаннан кейін, дауыс беру әр қазаққа маңызды деп ойлаймын.

Ботагөз Қалтаева, жас жұбай:

- Бүгін өте ерекше күн болды. Өзім де қуаныштымын. Бүгінгі күнге сәті түскеніне.

Биылғы сайлаудың ерекшелігі жастар мен әйелдерге арнайы 30 проценттік квота бөлінді. Сөйтіп парламент пен мәслихатта қыз-келіншектер мен жастардың қатары арта түспек.

Перизат Қайрат, қала тұрғыны:

- Мен үшін үлкен өзгеріс болады. Келешегіміздің кемел болуы жастарымыздың қолында деп сенемін.

Осылайша бүгін ел таңдауын жасады. Сайлау комиссиялары қалтқысыз қызмет етті. Бұл күні туған күн иелері де ескерусіз қалмады. Оларға ұлы Абайдың өлеңдер жинағы табыс етілді. 

Авторлар: Рауан Мыңбаев, Ержан Қанапияұлы

Хабар 24 телеарнасы