Түркістан облысында сайлау барысын 12 шетелдік байқаушы қадағалады

Байқаушылардың екеуі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан, яғни АҚШ пен көрші қырғыз елінен келген. Ал қалған он байқаушы Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы аясында Өзбекстаннан келіп, еліміздегі саяси науқанды бақылауда.

Олар таңғы 7-ден бастап, өңірдегі барлық сайлау бөлімшесін аралап шықты. Айтуларынша, әзірге заң бұзушылық тіркелмеген. Санитарлық талаптар қатаң сақталған. Жалпы жергілікті жердегі сайлау бөлімшелері саяси науқанға жоғары дайындықпен кіріскенін айтады. Түркістан облысы еліміздегі халқы ең тығыз орналасқан өңір болғандықтан мұнда 911 сайлау бөлімшесі ашылған. 1 млн астам сайлаушы дауыс береді деп жоспарланған. 

Жамолитдин Фахрутдинов, Өзбекстаннан келген байқаушылар тобының жетекшісі:

- Біз бүгін көптеген 5 сайлау учаскесін араладық. Барлығы талапқа сай ұйымдастырылған. Санитарлық талаптар да көңілден шықты. Заңбұзушылықтар болған жоқ. Бізді халықтың өз болашағына бей-жай қарамайтын, саяси белсенділігі қызықтырды. Ертеңгі күннен жақсы үміт күтетінін көрдім. Кешкі 20:00-ге дейін сайлаушылардың 90 проценті дауыс беріп үлгереді деген сенімдеміз.