Шымкентте халықаралық байқаушылар сайлау учаскесін аралады

Шымкентке сайлау барысының өтуін бағамдау үшін ТМД елдерінен 10, ал Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымынан 2 байқаушы келген.

Халықаралық байқаушылар  шаһардағы бірқатар сайлау бөлімшелерін арнайы аралап, саяси науқанның жайын көзбен көрді. Олардың пікірінше, елде өтіп жатқан сайлау жан-жақты ұйымдастырылған. Әрі ашықтық байқалады. Байқаушылар әсіресе жергілікті халықтың таңдау жасау үшін дауыс беру орындарына көптеп келіп жатқанына тәнті болдық дейді.

Бахтиёр Махмадалиев, халықаралық байқаушы: 

- Ең бастысы, сайлау еркін, ашық және халықаралық стандарттарға толығымен сай болуы керек. Біз оны байқадық. Сіздердің елдегі саяси науқан халықаралық талапқа сәйкес өтіп жатыр дер едім. Біз әр партияға жауапты байқаушыларымен де сөйлестік. Олар жергілікті сайлау комиссиясы тарапынан ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ дегенді айтты.