424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелде жүрген 4532 қазақстандық сайлауда дауыс берді

  • 293
  • UPD: 21:33, 10.01.2021
Шетелде жүрген 4532 қазақстандық сайлауда дауыс берді

Сағат 19:00-дегі ақпарат бойынша шет елдерде 4532 сайлаушы дауыс берген. Олардың басым бөлігі Түркия, Қытай, Чехия, Өзбекстан мен Біріккен Араб әмірліктерінде тұрып жатқан қазақстандықтар.

Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады. Хорватия, Үндістан, Израиль мен Индонезияда сайлаушылар саны аз. Әртүрлі уақыт белдеуіне байланысты, Жапония мен Корея республикасында жүрген қазақстандықтар бірінші болып дауыс берді. Қазіргі уақытта 10 елде сайлау бөлімшелері жұмысын аяқтады. 56 елде дауыс беру әлі жалғасып жатыр. Жалпы шет мемлекеттердегі консулдықтарда 11 мыңнан астам адам тіркелген. АҚШ пен Канададағы отандастарымыз дауыс беруді ертең сағат таңғы жетіде аяқтайды.

Хабар 24 телеарнасы