ШҚО: шалғай ауылдардағы жұрт сайлауда белсенділік танытты

Шығыс Қазақстан облысының шалғай ауылдарындағы жұртшылық та сайлауда белсенділік танытты.

Номері 443-сайлау бөлімшесі мың жарымнан астам халқы бар Беген ауылында орналасқан. Береке-бірлігі жарасқан бегендіктер негізінен мал өсіріп, егін егеді. Мұнда 780 сайлаушы бар. Сайлауға алғашқы болып таңмен таласа жеткен Кәрімбай Құсайынов.  Жасы 83-ке келсе де ардагер ақсақал көпке үлгі. Жастар да маңызды науқаннан қалысқан жоқ. Түскі 12-ге дейін сайлаушылардың 40 проценті дауыс беріп үлгерген. Жалпы Бесқарағай ауданында 18 мыңнан астам тұрғын, 13 мың сайлаушы бар.

Кәрімбай Құсайынов, Беген ауылының тұрғыны:

- 6 жыл болды, бірінші рет келіп отырмын. Қуаныштымын өзім. Осындай Отанымыздың тыныштығына, барлығы осындай қуанышқа мен ортақпын. Барлығы өзіміздің Қазақстанымыз үшін жасалып жатқан дүние. Бұдан да жақсы болсын енді тіршлігіміз, үлкендеріміз аман болсын, жастарымыз өсе берсін!

Самал Жапарханова, 443-сайлау учаскесінің төрайымы:

- Биылғы індетке байланысты барлық шаралардың бәрін қолданып жатыр. Кімде бетперде жоқ, оларға таратып жатырмыз. Антисептик, бәрі бар. Бәрі жақсы қатысып өтіп жатыр.