Маңғыстау облысында ғасырлық ғұмыр кешкен қариялар дауыс берді

Маңғыстау облысына қарасты Маңғыстау ауданында тұратын ғасыр жасаған қос қария да бүгін өз таңдауларын жасады.

104 жастағы Қанзия Сақауова Шетпе  ауылында тұрады. Ол үйінде отырып дауыс берді. Арнайы қорғаныш киімдерін киген учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері жылжымалы жәшікпен әжейдің үйіне барды. Жастайынан колхоз, совхоздың жұмысына араласқан ол, бұл жасында да елге пайдам тисе дейді. Ал бірер күн бұрын 100 жылдық мерейтойын тойлаған Ақілгек Құлбарақова менің таңдауым бейбітшілік дейді. Екі ғасырдың куәсі болған Ақілгек әжей де дауысты үйден берді.

Ақілгек Құлбарақова, Жыңғылды ауылының тұрғыны:

- Жаңа дауысымды бердім. Халқым аман болсын. Жалғыз өзімнің тілегім емес, халықтың тілеуін тілеп отырмын. Жаман-сырқаудан аман болайық, деніміз сау болсын! Еліміз аман болсын! Еш жамандық көрмелік!