Халықаралық байқаушылар волонтёрлердің сайлаудағы қызметін атап өтті

Халықаралық байқаушылар қазақстандық волонтёрлердің қызметін ерекше атап өтті. Көп елде мұндай тәжірбие жоқ екен. Молдова республикасынан келген депутат, халықаралық байқаушы Владимир Однасталко еріктілердің еңбегіне тәнті.

Владимир Однасталко, халықаралық байқаушы:

- Мен шынымды айтсам, қатты таң қалып тұрмын. Волонтёр жастар сайлаушыларды қарсы алып, жол көрсетіп, барлық жағынан көмектесіп жүр. Біздің елде мұндай шара мүлде жоқ. Еріктілер санитарлық талаптың орындалуын да қадағалап жүр. Әлеуметтік ара қашықтықтың сақталуын қадағалауда. Байқаушы ретінде айтарым, аймақтарда да, қалада да үгіт-насихат шаралары уақытында тоқтады. Сайлау күні ондай бұзушылықты көрмедік.