Сарапшылар партиялардың құрамындағы әйелдер үлесін талқылады

Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткер ұсынып отырған барлық партияның құрамындағы жастар мен әйелдердің үлесі 30 проценттен асуы тиіс. Саяси ұйымдардың барлығы бұл міндеттемені орындады. Бұл туралы елордада өткен сарапшылар талқылауында айтылды. Жиынға қатысушылардың сөзінше, бұл аталған санатқа жататын азаматтардың еліміздің саяси өміріне белсенді араласуына айтарлықтай мүмкіндік береді. 

Алуа Жолдыбалина, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы:

- Барлық партия бұл квотаны сақтап тұр. Яғни шамамен 5 партияның ішінде 33 пайыздан басталады. Мәслихаттарда 40 проценттен басталады. 63,5 процентке дейін. Яғни әйелдер мен жастар тізімде бар. 2020 жылы қабылданған заңның негізінде квотаның жүзеге асуын саяси партиялардың барлығы сақтаған.

Жанар Боқанова, «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі:

- Соңғы сайлау кезінде Парламентте, заң шығарушы органда әйелдердің саны 27 процент деп отырмыз. Менің ойымша, өте жақсы көрсеткіш. Отбасылық тәрбиемен көбінесе айналысады. Дегенмен, қазіргі уақытта елімізде саяси науқандарға қатысуға, елді басқаруына жақсы мүмкіндіктер бар.