Ақмола облысы «қызыл аймаққа» енді

Ақмола облысы коронавирустың таралуы бойынша бүгін тағы да «қызыл аймаққа» енді. Өңір «сары аймақта» небәрі он күндей ғана тұрды.

Бірақ санитарлық мамандар әзірге шектеу шараларының күшейтілуі жайлы сөз қозғап жатқан жоқ.

«Бірнеше күн бақылап барып, әрекет етеміз» дейді олар. Жалпы пандемия басталғалы бері өңірде 7700-ден астам адам аталған дертке шалдығып, олардың 7 мыңға жуығы жазылып шықты.

Өкінішке орай, 97 ақмолалық осы індеттен көз жұмды.