Петропавлда халық сайлауға зор жауапкершілікпен қарады

Солтүстік Қазақстан облысында сайлау кезінде халықтың жауапкершілігі жоғары болды.

Өңірде саяси науқан заң аясында өтті. Тек күннің алғашқы жартысында жалпы сайлаушылардың 30 проценті өз таңдауларын жасап үлгерген. Жастармен қатар ересектер де белсенділік танытты. Өңірде сайлаудың әділ әрі таза өтуін төрт мыңға жуық байқаушы қадағалады. Оның алтауы көршілес Ресей елінен келгендер. Олар топ-топқа  бөлініп, облыс орталығымен бірнеше ауданда да болды. Әр делегация шамамен 10-нан астам учаскеге барып үлгерген.  

Игорь Халин, халықаралық байқаушы /Ресей/:

- Облыс тұрғындары бұл саяси науқанға асқан жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытты. Таңсәріден учаскелер ашыла салысымен келушілердің саны көп болды. Жақсы дайындық жүргізілген. Өзім міне 20 жылдай түрлі сайлауларда байқаушы болып жүрмін. Бұл жолы да еш заң бұзушылықты байқамадым.  Саяси науқан заң аясында өтті.