Бас прокуратура сайлау заңнамасын бұзудың әрбір фактісін жіті қарап жатыр

Ел прокуратурасы қазір сайлау заңнамасын бұзған фактілер туралы әр жағдайды жіті қарап жатыр.

Қазір осындай екі жағдай анықталып, заңға қайшы әрекет еткен азаматтар іздестірілуде. Бұл туралы бас прокурордың аға көмекшісі Азамат Сарғазин мәлімдеді. Қадағалаушы орган өкілі жалпы алғанда саяси науқан заң талаптарына сай өтті деп атап өтті.