«ADAL» партиясының төрағасы exit poll нәтижесі туралы пікір білдірді

Адал партиясының төрағасы да экзитпол нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

Серік Сұлтанғали әуелі партия атынан мәжіліс пен мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлерге дауыс берген сайлаушыларға алғыс айтты. Сондай-ақ ол ұйымның негізінен жастардан тұратынын атап өтті. Әрі сайлауалды кезеңде басталған жұмыстың бұдан әрі де жалғасатынын жеткізді.  

Серік Сұлтанғали, «ADAL» партиясының төрағасы: 

- Бұл тек сайлау үшін емес, бұл партия халыққа берген уәделерін қалай орындау керек, соның жолымен жүретін партия. Бұл бүгін халыққа өте керек партия. Экзитпол деген бар, өздеріңіз білесіздер. Соның алғашқы анализі бойынша "Нұр-Отан" партиясы бірінші орында келе жатыр. Заң бойынша барьерден асып кетті. Сондықтан өз басымнан "Нұр-Отан" партиясын құттықтауға болады.

Сондай-ақ...