«Ауыл» партиясының төрағасы дауыс берушілерге алғыс айтты

«Ауыл» партиясы атынан Мәжіліс және мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлер экзитпулдың алдын ала нәтижесін тыңдады.

Қорытындыға сәйкес «ауылдықтарға»сайлаушылардың 5,75 проценті дауыс берген. Ал сайлаудың нақты нәтижесін Орталық сайлау комиссиясының мамандары алдағы уақытта жариялайды. Ұйым төрағасы Әли Бектаев, «ауылдықтарды» қолдап, дауыс берген барша ел азаматтарына алғысын білдірді. Және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін барлық мүмкіндіктердің жасалғанын алға тартты.

Әли Бектаев, «Ауыл»  ХДПП төрағасы:

- «Ауыл» партиясын қолдаған, ауыл партиясына тілеулес болған барлық сайлаушыларға біз өзіміздің ризашылығымызды білдіріп, басымызды игіміз келеді. Бізді қолдаған азаматтардың барлығына. Және аудандық облыстық өңірлік және республикалық штабында жұмыс істеген барлық әріптестерімізге өзіміздің алғысымызды айтқымыз келеді. Шынында көп жұмыс атқарылды. Сайлау біз үшін өте үлкен сабақ болды. Өте үлкен тәжірибе болды. Сайлау біздің еліміздің өркендеуі жолында жинақтаған тағы да бір жұмыс болды деп айтуымызға болады.

Сондай-ақ...