Елордада сайлау күні 69 нәресте дүниеге келді

Нұр-Сұлтан қаласында 10 қаңтар – ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау күні 69 нәресте дүние есігін ашты.

Оның ішінде 34-і – қыз бала, ал қалған 35-і – ұл бала. Бұл ақпаратты елорда әкімдігінің баспасөз қызметі көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарының деректеріне сәйкес хабарлады.