Жаңа жыл күні жоғалып кеткен шымкенттік Алматыдан табылды

Жаңа жыл күні жоғалып кеткен Шымкент тұрғыны Алматыдан табылды.

Ол отбасылық жанжалдан кейін үйінен кетіп қалған, деп хабарлады inAlmaty.kz Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуежай қызметкері 31 желтоқсанда таңертең жұмысқа кеткен және үйіне оралмаған. Іздеу жұмыстары Шымкентте ғана емес, Алматы мен елордада да жүргізілді. Жоғалған әйел 9 қаңтарда Алматыдан табылды.

«Оның денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тексеру барысында оның отбасылық жанжалға байланысты үйінен кетіп қалғаны анықталды. Жоғалған әйелдің күйеуі полиция қызметкерлеріне оны тауып, үйіне қайтарғаны үшін алғыс айтты», - деді Шымкент полициясы.