Қостанайға Египеттен келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

10 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді.

2 655 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 283 адам, анықтамасыз 372 ҚР азаматтары келген.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 1 531 жолаушы, анықтамамен – 1 375, анықтамасыз – 156;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 124 жолаушы, анықтамамен – 908; анықтамасыз – 216.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

9 қаңтарында анықтамасыз келген 247 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Қостанай рейсімен келген 4 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.