Сайлау 2021: тұрғындардың дауыс берудегі белсенділігі қандай

Жастарды және әйелдерді әлеуметтік өмірге белсенді түрде араластыратын қоғам дами түсетіні айдан анық.

Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясы делегациясының басшысы Исмет Учма осындай пікірде. Ол делегация өкілдерімен бірге кешегі өткен сайлауда байқаушы болды. Жұмыс барысында олар сайлаушылармен тілдесіп, тұрғындардың дауыс берудегі белсенділігін байқаған. Осы тұста делегация басшысы бұдан кейінгі сайлауда сайлау учаскілерін көбейтуді ұсынды. Бұл бір участокта 300-400 адамға дауыс беруге мүмкіндік береді деді халықаралық байқаушы.

Исмет Учма, түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясы делегациясының басшысы:

– Сайлау туралы заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін сайлауға қатысу үшін қажет 40 мың қолдың 20 мыңға түсірілгенін және партия тізіміндегі әйелдер мен жастарға берілген квотаның 30% көтерілгені байқалды. Бұл өте маңызды өзгеріс. Жастарды және әйелдерді әлеуметтік өмірге белсенді түрде араластыратын қоғам дами түсетіні айдан анық.

Сондай-ақ...