Атырау облысының тұрғындары жарықсыз отыр

Кеше, яғни 10 қаңтар күні «КЕГОК» Акционерлік қоғамының электр желісінің «Индер-Атырау», «Орал-Индер» қосалқы станцияларында апатты жағдай орын алып, салдарынан Атырау қаласының сол жақ бөлігі, сондай-ақ Жылыой, Индер, Қызылқоға, Махамбет, Мақат аудандары электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл апаттық жағдайдың кесірінен электр энергиясының жиілігі төмендеп, Атырау облысы ғана емес, Ақтау қаласының 2, 3 А,Б мен 4 шағын аудандарында және Түпқараған ауданының Форт-Шевченко каласында, Баутин ауылының кейбір нысандарында тоқ көзі уақытша ажыратылған. Қазір электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.