420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада алаяқ бес азаматты сан соқтырды

  • 177
  • UPD: 15:46, 11.01.2021
Қызылордада алаяқ бес азаматты сан соқтырды

Қызылордада 5 азаматты алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

2020 жылдың 20 желтоқсанында Қызылорда қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының бес тұрғыны оларға қатысты жасалған алаяқтық деректері бойынша арыз жазып, өз қаражаттарын қайтаруға көмек сұраған.

Арызданушылардың әрқайсысы өзін облыс орталығында орналасқан медициналық мекемелердің бірінің кадр бөлімінің қызметкері ретінде таныстырып, оларды жұмысқа орналастыруға уәде берген азаматшаға 200 000 теңгеден ақша берген. Өткізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде бұрын сотты болған 1974 жылы туған азаматша анықталып, ұсталды.

Алаяқ өз ісін мойындады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 3,4-тармақтары (Екі немесе одан да көп адамға қатысты бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қазіргі таңда материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Хабар 24 телеарнасы