420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да бірнеше күнде қардың бір айлық мөлшері жауды

  • 100
  • UPD: 20:43, 11.01.2021

Солтүстік Қазақстан облысында бірер күнде қардың бір айлық мөлшері жауған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күннің қолайсыздығына байланысты коммуналшыларға да дамыл жоқ. Олар көшелерді тазартып үлгермей жатыр. Енді синоптиктердің алдағы күндерге болжамы қандай?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Таңертең қолына күрек алғандардың бірі – Галина Никифорова. Ол қар жауса, бірден далаға шығады. Жалғыз тұратын зейнеткер үшін ауласын тазарту түк емес.

Галина Никифорова, қала тұрғыны:

- Бүгін қар көп жауды. Бірден байқалады. Қиын. Әйтеуір, күрегім жеңіл. Күн де жылы. Бір жағынан таңғы жаттығу болды.

Жер үйдің тұрғындары бәрі осылай. Әрқайсысы ауласын тап-тұйнақтай тазалап қойған. Бірақ қала көшелері қалың қардан көз ашпай тұр.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Коммуналшылар қарды тазалауын тазалайды. Бірақ шығарғандары шамалы. Міне, қаладағы әр аялдаманың жанында қар осылай тау-тау болып үйіліп жатыр.

Петропавлдың қысқы тазалығына 14 кәсіпорын жауапты. «Олар түні бойы қар шығарып, күндіз құм мен тұз сеуіп жүр», - дейді әкімдік қызметкерлері.

Әсем Айтолла, қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Қазіргі таңда күнделікті қаланы қардан тазалауға 100-ге жақын техника шығады. Бізде қала 10 аумаққа бөлінген. Соған байланысты әр мекеме, әр мекеменің өзінің көшелері бар. Олар соны тазартып шығарады.

Өңірде бірден бір айлық қар жауды. Есіл және Тимирязев аудандарында 15 сантиметрге дейін түскен. Болжам да бұлыңғыр.

Роман Гиричев, «Қазгидромет» МКК СҚОФ инженер-метерологі:

- Болжам бойынша алдағы күндері тағы да қар жауып, кей жерлерде боран соғады. Қардың биіктігі әр жерде әртүрлі. Мысалы, облыстың оңтүстігі – Талшық ауылында 4 сантиметр, ал солтүстік жақтағы Налобина ауылында 30 метр.

Өңірде қар мен боранға байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл ретте төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындарға жолға шықпауға кеңес береді.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы