ШҚО-да сайлау комиссиясында жұмыс істегендер оқшаулауға жіберілді

Шығыс Қазақстанда сайлау бөлімшесінде жұмыс істеген комиссия мүшері 72 сағатқа оқшаулауға жіберілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан соң міндетті түрде ПТР-тест тапсырады. Сараптаманың қорытындысы оң болса, оқшаулау одан ары ұзартылуы мүмкін. Ауруы болса, бірден ем-дом жасалады. ПТР қорытындысы теріс нәтиже көрсетсе, ол мамандар өз лауазымдық міндеттерін жалғастыра береді. Кеше өткен саяси науқан кезінде облыстағы сайлау комиссияларында барлығы 7 мың адам жұмыс істеген. Жалпы аймақта 1039 сайлау бөлімшесі жасақталған болатын.

Қанат Тұрдиев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалу департаментінің өкілі:

- Бұның бәрі халықтың денсаулығын сақтау және қорғау, вирустың алдын алу үшін жасалады. Өйткені қазір барлықтарыңыз білесіздер, әрбір учаскеде 50 адамнан 1500 адамға дейін келіп, сайлауда дауыс берді. Біз оның бәрі байланыста болды ма немесе коранавируспен ауырмайды дегенге күманданамыз. Сондықтан бұл сақтық және қорғаныс жолы.