419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда әкімі: Қаңтар айында жастарға 350 пәтер беріледі

  • 115
  • UPD: 22:38, 11.01.2021
Елорда әкімі: Қаңтар айында жастарға 350 пәтер беріледі фото: instagram.com

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов биылғы жылдың қаңтар айының өзінде жастарға 350 пәтер берілетінін хабарлады.

Бұл туралы ол бүгін өзінің Instagram парақшасына жазды.

«Тұрғын үй мәселесі - біздің жұмысымыздағы маңызды бағыттардың бірі. Биыл жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын жалғастырамыз. Бағдарлама Елбасының тапсырмасына сәйкес 2019 жылы іске қосылды.

Қаңтар айында жастарға 350 пәтер беруді жоспарлап отырмыз. Жыл соңына дейін тағы 1050 пәтер беріледі. Осы пәтерлерде тұрып жатқан уақытта жастар аяққа тұрып, белгілі бір капитал жинап, өз баспаналарын сатып ала алады. Сондай-ақ, басқа тұрғын үй бағдарламалары мен бағыттары бойынша жүйелі жұмысты жалғастыра береміз», - деп жазды әкім.

Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылдан бастап қолжетімді, жеңілдікпен берілетін тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайғандығын айты.

Хабар 24 телеарнасы