Қазақстанда 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.

«2020 жылы рекордты 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 16,8% жоғары», - деді Дәленов.

15 өңір оң өсу қарқынын көрсетті. Айтарлықтай өсім Нұр-Сұлтан қаласында байқалды – 1,7 есе көп, деп хабарлады ҰЭМ баспасөз қызметі.