420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мас әйел павлодарлықтардың пәтеріне баса-көктеп кірмекші болған

  • 76
  • UPD: 10:05, 12.01.2021
Мас әйел павлодарлықтардың пәтеріне баса-көктеп кірмекші болған onsmi.ru

Павлодар қаласының полиция бөліміне қоңырау келіп түсті – Камзин көшесінде орналасқан 92 үйдің тұрғындары жүгінген.

Оқиға 10 қаңтарда болған. Тұрғындар пәтерлерінің есігін белгісіз бір әйел қағып, баса-көктеп кірмекші болып тұрғанын айтты. Аталған мекенжайға келген полицейлер әйелдің мас екенін анықтады. Мас әйел қонақтан қайтып келе жатып, қатты тоңып қалғанын және бөтен пәтерлердің есігін қағып, жылыну үшін кірмек болғанын айтты.

Азаматша уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына (медициналық айықтырғыш) жеткізілді. Сондай-ақ құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды, оған сәйкес ол жауапкершілікке тартылады.

Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, өткен жылы Павлодар облысының аумағында қоғамдық орындарда мас болған 7920-дан астам бұзушы анықталған.

Хабар 24 телеарнасы