Вашингтонда төтенше жағдай жарияланды

Дональд Трамп Вашингтонда төтенше жағдай режимін жариялады. Оның мерзімі қаңтардың 24-іне дейін, яғни екі аптаға созылмақ. 

Ақ үй Трамп бұл қадамға Джо Байденнің иннаугурациясы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барып отыр дейді.

БАҚ хабарлауынша, Ақ үй мен Конгресс маңындағы барлық әкімшілік кешендер, қоғамдық тамақтану орындары мен сауда орындары уақытша жабық болады.Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін Вашингтон билігі федералды қаржыландыру мен өзге де көмектерін ала алады. Ал инаугурация кезінде қоғамдық тәртіпті 15 мыңға жуық сақшы қадағалайтын болады.

Элизабет Ронсон, Вашингтон тұрғыны:

- Жағдайды мен де бақылаймын. Жаңалықтарды үзбей қарап отырамын. АҚш үшін жаңа кезең басталады деп ойлаймын.

Сондай-ақ...