Атырау облысында электр жарығын қалпына келтіріп жатыр

Атырау облысының кей аудандарында жарықтың уақытша сөну себебін анықтау мақсатында облыстық әкімдік жанынан жұмыс тобы құрылып, іске кірісті.

Естеріңізге сала кетсек, 10 қаңтар күні облыс орталығында Жайық өзенінің сол жағалауы мен Мақат, Индер, Қызылқоға және Жылыой аудандарында электр қуатына деген тапшылық байқалды. Салдарынан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда уақытша қиындық пайда болды. Кеше кешкі сағат 7-ден бастап облыс бойынша жағдай қалыпқа түсе бастады. Дегенмен, әлі де жарықсыз отырған ауылдар бар.