426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада төрт мың текше метрден астам қар шығарылды

  • 244
  • UPD: 12:28, 12.01.2021
Елордада төрт мың текше метрден астам қар шығарылды

Нұр-Сұлтан қаласында қар жинау жұмыстары екі ауысымда жүргізіліп жатыр.

Коммуналдық қызметтер кешкі және түнгі уақытта қарқынды жұмыс істейді, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

11 қаңтардан 12-сіне қараған түні қаланың жолдарын, тротуарларын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалауға 300-ден астам арнайы техника мен 50-ден астам жұмысшы жұмылдырылды. Өткен тәулікте 14 500 текше метр қар шығарылды.

Бүгін, яғни 12 қаңтарда қала бойынша қар жинау жұмыстарына 900-ге жуық арнайы техника мен 2000-нан астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, жиналған қар елорданың аудандарында орналасқан он бір полигонға шығарылады. Қалада қар жинау 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған.

Хабар 24 телеарнасы