Шетелден 163 адам ПТР анықтамасыз келген

10 қаңтарда Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды.

Бұл туралы санитарлық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Өткен тәулікте елімізге Швейцария, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 10 халықаралық әуе рейсімен 1085 қазақстандық келді. Оның ішінде 922 адам ПТР анықтамамен оралған. Ал 163-інде коронавирустың жоқтығын растайтын құжат болмаған.  Енді анықтамасы болмаған жолаушылар ПТР тест тапсырып, арнайы стационарға жатқызылды.