Қостанай облысы «қызыл аймаққа» енді

Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша Қостанай облысы «қызыл аймаққа» қайта кірді.

Өңірде соңғы тәулікте 62 адамнан індет анықталған. Науқастардың басым бөлігі Қостанай қаласында.

Ауруға шалдыққандардың тәуліктік өсімі 0,7 процент шамасында болды. «Қызыл аймаққа» кіруімен өңірде қайтадан қосымша шектеулер енгізіле ме, жоқ па ол жағы әзірге беймәлім. Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы әзірге жарияланған жоқ.