420,66 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 2020 жылдың желтоқсаны қандай болды

  • 79
  • UPD: 14:54, 12.01.2021
Қазақстанда 2020 жылдың желтоқсаны қандай болды Kyzylorda-news.kz

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 1-7° төмен болды, суықтың ошағы Ақтөбе және Қарағанды облыстарында 8-10° дейін болды, тек елдің солтүстігі мен шығысындағы жекелеген аудандарда ауа температурасы климаттық норма шамасында болды.

Дәл осындай суық ауа райы, аномалиясы 10-12° дейін 2002 және 2012 жылдың желтоқсанында байқалды.

Бірқатар метеорологиялық бақылаулар ішінде Нұр-Сұлтан қаласында ең суық күн 1929 жылғы 12 желтоқсанда тіркелді, онда термометр бағаны түнгі уақытта -43,5°С дейін төмендеген. 2020 жылғы желтоқсанда ең төменгі температура -27°С (21 желтоқсан) құрады.

Елордада ең жоғары ауа температурасы 2008 жылдың 07 желтоқсанында  байқалды және +4,5°C болды, ал 2020 жылы -5.0°С (11 желтоқсан) болды, осылайша абсолютті максимум жабылмады.

Республиканың барлық дерлік аумағында түскен жауын-шашын мөлшері көпжылдық мәннен аз болды. Климаттық норма шамасында  кей жерлерде ҚР солтүстік-шығысында, сондай-ақ елдің солтүстігі мен солтүстік-батысының жекелеген аудандарында байқалды. Жауын-шашынның таралуы бойынша 1984 және 2011 жж. желтоқсан айлары ұқсас болды.

Хабар 24 телеарнасы