БҚО: ковид қаңтардың алғашқы онкүндігінде 400-ден астам адамға жұққан

БҚО: ковид қаңтардың алғашқы онкүндігінде 400-ден астам адамға жұққан

Батыс Қазақстан облысында қаңтар айының тек алғашқы онкүндігінде 400-ден аса адам қатерлі індетке шалдыққан.

Әр тәулік сайын аймақта 45-50 адамнан ауру белгілері анықталады екен. Егер жағдай бұлай жалғаса берсе, 15-інен бастап шектеу шаралары қайта күшеймек. Науқастардың тең жартысы емханаларға өздері келіп қаралған. Ауру жұқтыру деректерінің бұлай күрт көбеюіне көп адам жиналған жаңа жылдық басқосулар басты себеп, дейді жедел штаб отырысында сала мамандары. Сонымен қатар мониторингтік топтардың жұмысы да белең алып, жыл басталғалы бері санитарлық талаптарды бұзғандарға қатысты 10 хаттама толтырылған.

Абат Шыныбеков, қала әкімі:

- Мейрамханалар мен дәмханалар бойынша тағы да 8 объект бойынша қалалық СЭС тің материалдары жинақталып тиісті қызметін тоқтату жөнінде сот органдарымен жұмыстар жалғасты. Қазіргі таңда барлық әлеуметтік желілер арқылы көңіл көтеретін орындармен тиісті хабарландыруларды үнемі бақылауда ұстап отырмыз. Мониторинг жұмыстарын әрі қарай жалғастырамыз.