Алматы облысында демалыс күндері бірқатар нысан жабылады

Алдағы сенбі, жексенбіде Талдықорған және Ескелді, Көксу аудандарындағы қоғамдық тамақтану орындары, ойын-сауық орталықтары, базарлар жұмыс істемейді.

Моншалар мен спорт нысандары, мұз айдындары да жабылады. Тек азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен сұлулық салондары, химиялық тазарту орындары қызмет көрсетеді. Алматы облысының әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес шектеу шараларының енгізілуіне эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы себеп. Нақтыласақ Талдықорғанның өз басында 135, Көксу ауданында 62, ал Ескелді ауданында 41 адамнан індет белгілері анықталған.