Павлодар облысында боранға байланысты жолдар жабылды

Павлодар облысында да алай-түлей ақ боран, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды. Ақтоғай - Шолақсор, Панфилов - Бестөбе, Қалқаман - Баянауыл және Шідерті кентінен Қарағандыға баратын жолда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды елді мекендерден ұзап шықпауға кеңес береді. Ал синоптиктер алдағы күндері де боран соғатынын хабарлайды.

Алексей Двинянин, облыстық ТЖ департаменті басшысының орынбасары:

– Қаңтардың 13-де желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Бұрқасын болады. Бүгін түскі сағат 12-ден бастап бізде бірнеше бағыт бойынша жолдар жабылды. Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына орай Ақтоғай ауданына қарасты Ақтоғай-Шолақсор және Ертіс ауданы бойынша Панфилова-Бестөбе жолдары жабылды.