Елордада жылу ақысы қымбаттаған жоқ

Монополияға қарсы комитеттің хабарлауынша, 2020-2021 жылдарға белгіленген тариф өзгермеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған дейін шаһар тұрғындары жылуға есептелген төлемақының бірнеше есеге өскенін айтып, дабыл қаққан еді. Алайда комитет өкілінің айтуынша, бұған ауа райының суытуы себеп. Былтыр желтоқсанда күн райы ерекше суық болғандықтан, жылу энергиясының шығыны көп жұмсалды. 2019 жылдың сәйкес мерзімінен салыстырар болсақ, ауа температурасы 7-ге дейін төмендесе, былтыр желтоқсанда сынап бағанасы 15-ке жетті. Осылайша, тұрғын үйлерді жылумен қамту үшін өткен желтоқсанда бөлінген энергия шығын 348 мың гикокалорияға артық болған. Сол себепті төлемде көбейген.

Ибрагим Тангиев, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті жетекшісінің орынбасары:

– Әрбір тұтынушы төлемақы түбіртегіне зер салса, онда құн деген баған тұрады. Ол жерде монополияға қарсы департаменттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бекіткен тариф көрсетілген. Қосымша құн салығын қоса есептегенде, оның бағасы бүгінде 2 432 теңгені құрап отыр. Қасындағы бағанада тұтынылған жылу мөлшері көрсетіледі. Төлемақының мөлшерін тексеру үшін тарифті тұтынылған жылу мөлшерінің санына көбейтсе жеткілікті. Осылайша жылу қызметінің ақысын есептеп алуға болады. Егер де жылу төлемақысы одан көп болса, тұрғындар бізге өтініш жазып, хабарласа алады. Тексеріс нәтижесінде төлемақының негізсіз көтерілгені анықталса, коммуналдық мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Сондай-ақ...