419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайдың ауызсу жүйесі қайта жаңғыртылады

  • 86
  • UPD: 21:02, 12.01.2021
Қостанайдың ауызсу жүйесі қайта жаңғыртылады

Қостанай қаласының аумағы кеңейіп, тұрғындар саны артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты ауызсу жүйесін қайта жаңғырту мәселесі туындап отыр. Соңғы жылда ғана орталықтандырылған жүйеге үш мыңға жуық тұтынушы қосылған. Алдағы уақытта тағы бірнеше шағын аудан бой көтеретіндігін ескерсек, ауызсуға сұраныс еселеп артатындығы түсінкті жайт. Ал қаланы тіршілік нәрімен қамтасыз етіп отырған кәсіпорынның су тазартқыш құрылымы әбден ескірген. Қазір апатты жағдайда тұр. Сондықтан оны қайта жөндеп, қосымша тағы бір блок орнату көзделіп отыр. Осының арқасында қаланы таза сумен қамту қуаты 50 мыңнан,100 мың текше метрге жеткізілмек.

Еркебұлан Файзуллаев, қаланы сумен қамтамасыз ету мекемесінің директоры:

– Жобалау барысында біз жұқа қабатты тұндырғышты қолдандық. Бұл суды тазартуға арналған жаңа технология. Жұқа қабатты тұндырғыш, су сапасын 25-30 процентке арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қаланы тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін жүйені автоматтандырып, цифрландыруға да аса маңыз беріліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы